Жарнама
Жарнама

Алан Құрманғалиев АҚШ-тағы халықаралық турнирде алтын алды

Редактор
Бүгін, 10:44

Финалда Құрманғалиев аустралиялық Чулун Немен кездесті

ҰОК

Қазақстан құрамасының үстел теннисінен өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы жарыс барысында төрт кездесу өткізді. Алғашқы кезеңдерде ол америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатты 3:0 және Эндрю Цаоны 3:0 есебімен жеңді.

Финалда Құрманғалиев аустралиялық Чулун Немен кездесіп, оны 3:1 есебімен ұтты. Осылайша қазақстандық спортшы турнирді бірінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Кирилл Герасименко мен Искендер Харки Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Feeder сериясындағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанған болатын.

Реклама
Реклама