Рыбакина Торонто турнирінде жеңсе, Соболенкоға бар болғаны төрт ұпай қалады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде жеңімпаз атанса, әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Арина Соболенкоға дейінгі айырмашылықты небәрі төрт ұпайға дейін қысқарта алады.
Бұл үшін Рыбакина канадалық «мыңдық» турнирдің чемпиондық атағын жеңіп алуы керек. Қазір Соболенко WTA рейтингінде бірінші орында тұр.
Жарыстың алдыңғы кезеңінде қазақстандық теннисші ресейлік Людмила Самсонованы үш сетте жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Рыбакина рейтингтегі жағдай туралы пікір білдіріп, қазіргі таңда ұпай мен орынға емес, өз ойынына көбірек көңіл бөліп жүргенін айтты.
«Бұл туралы ойламауға тырысамын, өйткені алдымда әлі көп матч бар. Шөп үстіндегі маусымда өзім қалағандай нәтиже көрсете алмадым. Қазір мен үшін ең маңыздысы – ойынымды жақсарту.
Солтүстік Америкадағы турнирлер алдында соңғы бірнеше аптада көп жұмыс істедік. Мен үшін ең маңыздысы – ойынымның жақсарып келе жатқанын көру. Бұл турнирде кейбір элементтер жақсы шығып жатыр, бірақ әлі де ең үздік формама толық жеткен жоқпын. Рейтинг пен ұпай туралы ойламауға тырысамын. Бір матчтан кейін бір матчқа қараймын. Қаншалықты алысқа бара алатынымызды көреміз», – деді Рыбакина.
Егер қазақстандық теннисші Торонто төрінде чемпион атанса, әлемдік рейтингтегі көшбасшылық үшін күрес одан әрі қыза түспек.