Жарнама
Жарнама

Соня Жиенбаева WTA рейтингінде тағы 70 сатыға көтерілді

Редактор
Бүгін, 13:00

WTA рейтингінде үздік 400-дікке кірді

KTF

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева WTA жаңартқан әлемдік рейтингте айтарлықтай ілгеріледі.

Қазақстанның үшінші ракеткасы бірден 70 сатыға жоғарылап, әлемдік рейтингте 384-орынға жайғасты. Бұл – Жиенбаеваның соңғы уақыттағы екінші ірі серпілісі. Алдыңғы жаңартуда ол бірден 284 позицияға көтерілген еді.

Осылайша, қазақстандық теннисші екі рейтинг жаңартуының нәтижесінде әлемдік тізімдегі орнын едәуір жақсартып отыр.

Қазақстанның тағы бір өкілі Жібек Құламбаева керісінше сегіз саты төмендеп, 472-орынға түсті. Аружан Сағандықова 27 позиция жоғалтып, 652-сатыға тұрақтады.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде әлемнің екінші ракеткасы саналады. Тізімнің көш басында беларусьтік Арина Соболенко тұр.

Реклама
Реклама