Жарнама
Жарнама

Тимофей Скатов US Open іріктеуінде 22 млн теңге табыс тапты

Редактор
Бүгін, 11:43

Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының (US Open-2026) іріктеу кезеңіндегі өнерін аяқтады

ҰОК

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының (US Open-2026) іріктеу кезеңіндегі өнерін аяқтады.

ATP рейтингінде 205-орында тұрған Скатов іріктеудің екінші айналымында әлемдік рейтингтің 137-сатысындағы болгариялық Григор Димитровпен кездесті. Екі сағат екі минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 6:7 (5:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Бірінші сет аса тартысты өтіп, жеңімпаз тай-брейкте анықталды. Скатов қарсыласына лайықты қарсылық көрсеткенімен, шешуші сәттерде Димитров басымдық танытты. Екінші партияда да болгариялық теннисші жеңісті уысынан шығармады.

Осылайша, Скатов US Open турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады. Дегенмен Нью-Йорктегі жарыс қазақстандық спортшыға қомақты табыс әкелді. Турнирдің ресми жүлде қоры кестесіне сәйкес, іріктеудің екінші айналымына жеткені үшін ол  ллар, яғни шамамен 22 млн теңге алады.

Бұған дейін Скатов іріктеудің алғашқы айналымында ATP рейтингінде 240-орында тұрған бельгиялық Арно Жиль Байиді 6:4, 6:2 есебімен жеңген еді.

Реклама
Реклама