Бірінші орында италиялық Янник Синнер тұр
Әлемнің екінші ракеткасы – қазақстандық Елена Рыбакина Forbes есебі бойынша әлемдегі ең көп табыс табатын он теннисшінің қатарына енді.
Соңғы 12 айда Рыбакина 17,4 млн доллар табыс тапқан. Осылайша Forbes журналының рейтингінде ол оныншы орынға көтерілді. Бұл қаражаттың 11,4 миллионын теннисші жарыстарда көрсеткен нәтижесі үшін алса, қалған 6 миилион долларды демеушілер мен жарнамалық контрактілер есебінен иемденген.
Рейтингтегі алғашқы он теннисшінің тізімі төмендегідей:
Айта кету керек, аталған рейтинг соңғы 19 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында биыл алғаш рет тізімдегі әйелдер саны ерлерден асып түсті.