Келесі кезеңде Александр Бублик америкалық Томми Полмен кездеседі
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик US Open-2026 турниріндегі сенімді жорығын жалғастырды.
ATP рейтингінде 16-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 67-ракеткасы, франциялық Адриан Маннариномен кездесті. Бублик қарсыласын үш сетте 6:3, 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.
Қазақстандық спортшы матч бойы ойын тізгінін уысынан шығармай, Маннариноға небәрі бес гейм ғана берді. Осы жеңістің арқасында Бублик маусымның соңғы «Үлкен дулыға» турнирінің үшінші айналымына жолдама алды.
Келесі кезеңде Александр Бублик америкалық Томми Полмен кездеседі. Әлемдік рейтингте 21-орында тұрған Пол екінші айналымда хорватиялық Дино Прижмичті 6:2, 6:3, 5:7, 6:4 есебімен жеңді.
Бубликтің US Open турниріндегі ең үздік нәтижесі — төртінші айналымға шығу. Ол бұл көрсеткішке былтыр қол жеткізген болатын. Енді қазақстандық теннисші Нью-Йорктегі жеке рекордын қайталауға бір қадап жақын тұр.
US Open-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 37 миллион 840 мың долларды құрайды. Ерлер арасындағы жекелей сында топ жарған теннисші 5,5 миллион доллар мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.