Елена Рыбакина Наоми Осаканы 6:1, 6:4 есебімен жеңді
Жапониялық теннисші Наоми Осака Қазақстан өкілі Елена Рыбакина мен әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконың ойын мәнерін салыстырды.
Осака екі теннисшінің де соққы қуаты жоғары екенін, алайда олардың бұл басымдығы әртүрлі байқалатынын айтты.
«Рыбакина допты өте жылдам ұрады, ал Соболенконың соққысы әлдеқайда жойқын. Екеуі де өте қарымды, бірақ күшін әртүрлі пайдаланады. Олардың әлемдегі ең мықты теннисшілердің қатарында екені анық», — деді Осака Punto de Break басылымына берген сұхбатында.
Жапониялық спортшы US Open турниріндегі матчта Рыбакинаның доп беруіне қарсы тұру қиын болғанын да мойындады.
«Допты қабылдауда нашар ойнадым деп ойламаймын. Рыбакина допты алаңның қажетті бөлігіне өте дәл бағыттады. Торонтодағы кездесуімізден кейін оның алғашқы добын батылырақ қабылдауға тырыстым. Бірақ ол — әлемдегі допты ең жақсы ойынға қосатын теннисшілердің бірі», — деді ол.
Елена Рыбакина US Open жарысының төртінші айналымында Наоми Осаканы 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Қазақстандық теннисші қарсыласына бірде-бір брейк жасауға мүмкіндік бермей, алғаш рет осы турнирдің ширек финалына шықты.
US Open ресми мәліметіне сәйкес, Рыбакина жартылай финал жолдамасы үшін қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі.