Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалында Арина Соболенконы жеңді
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.
– Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге, – делінген құттықтауда.
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалында Арина Соболенконы жеңіп, чемпион атанды.
Бұл жеңіс қазақстандық теннисшіге 5,5 миллион доллар сыйақы және WTA рейтингіне 2000 ұпай әкелді.
Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина US Open-де 1/8 финалдан әрі аса алмаған.