Үшінші айеалымда жерлесіміз әйгілі Мэдисон Кизбен кортқа шығуы мүмкін
АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс турнирінде қазақстандық Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 79-орын) екінші жеңісіне қол жеткізді. Ол ресейлік танымал теннисші Екатерина Александрованы (16-орын) ойсырата жеңіп, жарыстың сенсациясын жасады.
Алғашқы сетте ойын тартысты өткен. Путинцева мүлдем қателік жібермей, бұл кезеңді 7:5 есебімен жеңді. Ал, екінші сетте жерлесіміз ресейлік теннисшіге бас көтерткен жоқ. Нәтижесінде 6:1 есебі тіркелді.
Үшінші айналымда Путинцева америкалық жұп Мэдисон Киз – Хейли Баптист жұбының жеңімпазымен кортқа шығады.
Еске салайық, биыл Australian Open турнирінде Екатерина Александрова Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны жеңген болатын.