Александр Бублик ATP рейтингінде 18-орынға көтеріліп, жеке рекордын орнатты

Редактор
18.03.2024, 14:12

Ресейден жуырда ғана келген Шевченко құлдырады

Қазақстан теннис федерациясы

Кәсіпқой теннис қауымдастығы (ATP) ер теннисшілердің жекелей және жұптық сындағы рейтингін жаңартты.

Қазақстанның ең үздік теннисшісі саналатын Александр Бублик аталған тізімнің 18-сатысына көтеріліп, өз рекордын орнатты. Бұрын соңды Қазақстанның ешбір теннисшісі мұндай жоғары көрсеткішке қол жеткізбеген. Бубликтің өзі болса соңғы рет 20-орында тұрған еді.

Жуырда ғана Қазақстан паспортын алып, Ресейден қоныс аударған Александр Шевченко болса бірден сегіз сатыға төмендеп, 58-орынға жайғасты. Ал, ТОП-3 өзгеріссіз қалып отыр.

  1. Новак Джокович (Сербия)
  2. Карлос Алькарас (Испания)
  3. Янник Синнер (Италия)

Ал, жұптық сында Қазақстан үздігі саналатын Александр Недовесов болса 45-тен 46-орынға төмендеді.