Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

17 жастағы теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Редактор
25.03.2024, 14:34

Бұл Соняның жекелей сында ITF Juniors додаларындағы жетінші титулы

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

17 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Вильена қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF Juniors J300 турнирінің чемпионы атанды.

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 47-орында тұрған С.Жиенбаева финалда жарыстың 1-ракеткасы, бельгиялық Жульен Вандромені (33 ITF Juniors) 7:5, 6:0 есебімен ұтты.

Бұл Соняның жекелей сында ITF Juniors додаларындағы жетінші титулы еді.

«Матч қиын болды. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бельгиялық қарсыласым топырақ төсенішінде жақсы ойнайтындықтан, бар шеберлігімді салып, үздік өнер көрсетуге тырыстым. Бәрі сәтті болып, биылғы жылдағы алғашқы чемпиондық атаққа қол жеткіздім. Өз командамды, Болат Өтемұратов бастаған Қазақстан теннис федерациясын мені қолдап, сенім артқаны үшін алғысымды білдіремін», - деді Соня Жиенбаева.

Жарнама
Жарнама

Материалда: