Елена Рыбакина америкалық теннисшіні жеңіп, Майами турнирінің ширек финалына шықты

Редактор
26.03.2024, 03:45

Жартылай финалға шығу үшін ол грек Мария Саккариді жеңуі тиіс

WTA

Әлемнің төртінші ракеткасы – қазақстандық Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. 

1/8 финалда жерлесіміз америкалық Мэдисон Кизбен (18-ракетка) кездесіп, 6:3, 7:5 есебімен басым түсті. Матч 1 сағат 23 минутқа созылды.

Бұған дейін қос теннисші өзара үш рет кездесіп, оның екеуінде америкалықтың мерейі үстем болған еді. Енді Рыбакина таразы басын теңестірді.

Жартылай финалға шығу үшін қазақстандық теннисші грек Мария Саккаримен (9-ракетка) кортқа шығады. Ол соңғы кездесуінде ресейлік Анна Калинскаяны жеңген болатын.