Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы белгілі болды

Редактор
29.03.2024, 10:21

Жарыстың жүлде қоры – 8,9 млн доллар

WTA

Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирдің финалында әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина мен америкалық Даниэль Коллинз (№53) өзара мықтыны анықтайды.

Жартылай финалдық матчта қазақстандық теннисші беларусь қызы Виктория Азаренкодан (№32) басым түссе (6:4, 0:6, 7:6), Коллинз ресейлік Екатерина Александрованы (№16) еш қиындықсыз екі сетте жеңді (6:3, 6:2).

Финалдық матч 30 наурызға жоспарланған. Жарыстың жүлде қоры – 8,9 млн доллар (тек қыздар теннисі бойынша). Жеңімпазға сондай-ақ, рейтингтік 1000 ұпай қоса беріледі.