Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасын ұтты
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA-500 турнирінің финалында украиналық Марта Костюкпен кездеседі.
Айта кетейік, Рыбакина жарыстың жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті (Польша) жеңген болатын. Ал, Костюк чех теннисшісі Маркета Вондорусовадан басым түсті (7:6, 6:2).
21 жастағы украиналық теннисші WTA рейтингінде 27-сатысында тұрса, Рыбакина төртінші орында.
Бұған дейін қос теннисші өзара үш рет кездесіп, екеуінде Костюк жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Штутгарттағы WTA 500 - Porsche Tennis Grand Prix турнирінің жүлде қоры 922,5 мың долларды құрайды. Жеңімпаз ірі көлемде қаржылай жүлдемен бірге 500 рейтингтік ұпай қосып алады.