Ол үш кездесудің тек біреуінде жеңіске жетіп, турнир кестесінде үшінші орынға тұрақтады
Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан теннистен WTA рейтинігінің үздік сегіз боксшысы қатысып жатқан турнир қазақстандық Елена Рыбакина үшін аяқталды. Үшінші айналымда жерлесіміз әлемнің бірінші ракеткасы беларусь Арина Соболенкодан жеңіліп қалды
Үш сетке созылған матч 2:6, 6:3, 3:6 есебімен аяқталды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты теннисшілер екі рет үзіліс жасап, матчтың өзі екі күнге созылды.
Осылайша кестеде үшінші орын алған Рыбакина жартылай финалға шыға алмады. Ол бірінші кездесуде америкалық Джессика Пегуладан жеңілсе, екіншіде грек Мария Саккариді ұтты.
Айта кетейік, жылдың қорытынды турниріне бұған дейін Қазақстан теннисшілері мүлдем қатысып көрмеген.