Александр Бублик Мадридтегі турнирде фантастикалық камбэк жасады

Редактор
29.04.2024, 18:03

Келесі кездесуде ол ресейлік Даниил Медведевпен кортқатшығуы мүмкін

Қазақстан теннис федерациясы

Испания астанасында өтіп жатқан теннистен ATP 1000 – Mutua Madrid Open турнирінде қазақстандық Александр Бублик (ATP рейтингінде 18-орын) америкалық қарсыласын жеңіп, келесі айналымға шықты.

Бубликтің қарсыласы – 21 жастағы АҚШ теннисшісі Бен Шелтон (15-орын) болды. Бірінші сетте Шелтон 6:3 есебімен жеңсе, екіншіде қазақстандық теннисші 7:6 есебімен басым түсті. Ал, шешуші үшінші кезең тағы да Бубликтің пайдасына шешілді, есеп – 6:4.

Матч 2 сағат 9 минутқа созылды. Үш сетте Бублик жеті эйс жасап, 17 рет қателесті.

Келесі айналымда қазақстандық теннисші Даниил Медведев (Ресей) - Себастьян Корда (АҚШ) жұбының қай жеңгенімен кортқа шығады.