Елена Рыбакина «Ролан Гарростағы» келесі қарсыласы әйгілі теннисшіні оңай жеңді

Редактор
29.05.2024, 10:43

Қазақстандық теннисшінің соңғы кездесуден кейін журналистермен болған кездесуі БАҚ-та қызу талқыланып жатыр

WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның «Ролан Гаррос» турниріндегі келесі қарсыласы анықталды.

Отандасымыз 1/32 финалда әлемнің 50-ракеткасы Нидерланды теннисшісі Аранча Руспен жолығады. Қарсыласы бұған дейін неміс Анжелика Кербердің осал тұсын тапты. 

Кербер 2016-2018 жылдары үш бірдей «Үлкен дулыға» турнирінде топ жарып, әлемдік рейтингте көш бастаған еді. Нидерланды теннисшісі атақты қарсыласын екі сетте оңай ұтты. 

Ал, Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 85-орында тұрған бельгиялық Гретье Минненді 6:2, 6:3 есебімен жеңді.