Ига Швентек «Ролан Гаррос» турнирін төртінші рет жеңіп алды

Редактор
08.06.2024, 21:51

Әлемнің бірінші ракеткасы финалдағы италиялық қарсыласына небәрі үш геймді ғана ерді

WTA

«Үлкен дулыға» санатындағы теннистен Франция ашық біріншілігінің қыздар жарысы мәресіне жетті. Поляк теннисшісі Ига Швентек айтулы турнирді қатарынан үшінші жыл жеңіп, «Ролан Гарростың» төрт дүркін чемпионы атанып отыр.

Финалдық кездесуде Швентек италиялық Ясмин Паолинимен (#15) кездескен болатын. Небәрі 1 сағат 9 минутқа созылған матч 6:2, 6:1 есебімен аяқталды. 

Ойын барысында польшалық теннисші 5 брейк-пойнт жасап, бірде-бір дабл-фолға жол берген жоқ. Ал, қарсыласы екі дабл-фол жасап, небәрі бір брейк-пойнтты жүзеге асырды.

Айта кету керек, бірінші сетте 1:2 есебімен жеңіліп тұрған Ига қатарынан бес геймді алып, кезеңді 6:2 есебімен жапты.

Ига Швентек «Ролан Гаррос» турнирін 2020, 2022, 2023 жылдары жеңіп алған. Бұл – оның төртінші чемпиондығы.