Зарина Дияс ұзақ үзілістен соң Уимблдонды сәтті бастады

25.06.2024, 18:12

Кездесу Диястың жеңісімен аяқталды – 7:5, 7:5.

ҰОК

Қазақстандық теннисші  Зарина Дияс Ұлыбритания ашық чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастады.

WTA рейтингінде 967-орында тұрған Дияс Уимблдонның іріктеу кезеңінің ширек финалында әлемнің 208-ракеткасы таиландтық Мананчая Савангкаевпен ойнады. 

Кездесу Диястың жеңісімен аяқталды – 7:5, 7:5. Матч бір сағат 47 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында отандасымыз екі эйсті жүзеге асырып, екі қосарланған қателік жасады. 

Дияс іріктеудің жартылай финалында әлемнің 138-ракеткасы американдық Сачия Викеримен ойнайды.

Материалда: