Екінші айналымда германиялық Лаура Зигемундті жеңді
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен бетпе-бет келді. Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Елена 3:1 есебімен алға шыққанымен, Зигемунд таразы басын теңестірді.
Дегенмен қазақстандық спортшы қатарынан үш геймді алды — 6:3. Екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Рыбакина есепті теңестірді — 2:2.
Алайда сет Зигемундтің еншісінде кетті — 6:3. Үшінші, шешуші сетте Рыбакина ақыры дегеніне жетті — 6:3. Әлем рейтингіде кезінде көш бастаған, қазір 91-орындағы даниялық Каролина Возницкимен жолығады.