Дмитрий Попко Румыниядағы турнирде жартылай финалға шықты

Редактор
06.07.2024, 18:44

Финалған шығу үшін америкалық Николас Морено Де Альборанмен таласады

prosports.kz

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Брашовта (Румыния) Челленджер сериясы турнирінде ширек финалдық кездесу өткізді.

Отандасымыз жартылай финалға шығу үшін румындық спортшы Филип Кристиан Цзянумен күш сынасты. Бірінші сетте корт иесі басымдық танытып, нәтиже 6:1 болды. Кейін Попко камбэк жасап, 7:5, 6:4 есеппен жеңіске жетті.

Дмитрий Попко жартылай финалда әлемнің 146-ыншы ракеткасы, америкалық Николас Морено Де Альборанмен таласады. 

Қазақстандық теннисші ATP Live рейтингісінде 207-орынға көтеріліп тұр.