Рыбакинаны жеңген Барбора Крейчикова Уимблдонда чемпион атанды

Редактор
13.07.2024, 21:35

Чехиялық теннисші екінші рет жеңімпаз атанып отыр

Getty Images

Әлемнің 32-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчикова екінші рет «Үлкен дулыға» жарысында жеңімпаз атанды.

Чехиялық спортшы финалда әлемнің 7-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта Крейчикова 6:2, 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

28 жастағы спортшы үшін бұл жеңіс «Үлкен дулыға» турниріндегі екінші жеңісі болды. 2021 жылы ол Францияның ашық чемпионатын жеңіп алды.

Айта кетейік, теннисші жартылай финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңіп кеткен еді.