Тимофей Скатов ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды

Редактор
16.07.2024, 11:09

Бостад додасының жүлде қоры 651 865 еуроға бағаланған

ҰОК

Тимофей Скатов Швецияда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 153-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегринодан басым түсті. 

Скатов қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді. 

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында франциялық Мануэл Гинармен ойнайды.

15-21 шілде аралығында өтетін Бостад додасының жүлде қоры 651 865 еуроға бағаланған. Жарыс жеңімпазы 88 125 еуроға қоса 250 рейтингілік ұпайға ие болады.