Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Токио WTA 500 турнирінде ойнаудан неге бас тартқанын түсіндірді.
Аталмыш ірі жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші чехиялық Линда Носковамен шеберлік байқасуы керек еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елена Рыбакина «Спорт Шредингера» телеграм-каналында
«Биыл Токиодағы турнирден бас тартуға мәжбүр болғаным өте өкінішті. Мен бұл жарысқа қатысқым-ақ келді, бұл қала өте ұнайды. Мен ең алдымен өзімнің денсаулығыма және бабыма мән беруге тиіспін. 100 пайыз дайын болу үшін маған уақыт керек», - деп жазды Е.Рыбакина.