Рыбакина бас тартты, украин қызы арқасы ауырғанына қарамастан Олимпиадаға қатысады

Редактор
26.07.2024, 17:54

Токиодағы ойындарда Элина қола жүлдегер атанған

btu.org.ua

Әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы украиналық Элина Свитолина Парижде неліктен олимпиадалық ауылда тұрмайтынын түсіндірді.

Свитолинаның айтуынша, оның арқасы ауырады екен, соған қарамастан Олимпиадада үздік шығу үшін барымды саламын деп отыр.

«Денсаулығымда кінәрат бар, арқам ауырады. Ұзақ отыра алмаймын. Сонан соң кортқа шығар алдында үш сағат массаж жасату керек болады. Сондықтан олимпиадалық ауылға бармай, жақын маңнан пәтер жалдап тұрамын деп шештім. Маған солай ыңғайлы, денсаулығыма да сол дұрыс. Жұма күні ашылу салтанатына қатысамын. Уимблдоннан соң демалуым керек еді. Қызыммен, ата-анаммен біраз уақыт өткіздік. Бір апта жаттығу жасадым, бәрі дұрыс, өзімді жақсы сезінемін. Жарақатым мен үшін жаңалық емес, оны қалай емдеу керектігін білемін», - деді теннисші.

Токиодағы ойындарда Элина қола жүлдегер атанған.

Ашылу салтанатында Свитолина Романчукпен бірге Украинаның туын алып шығады.

Айта кетейік, кеше Ресейден келген Қазақстан намысын қорғайтын Елена Рыбакина Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқан болатын.