Ол жекелей сында да алғашқы айналымда жеңіске жеткен болатын
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Цинциннатиде өтіп жатқан турнирдің жұптық сынын жеңіспен бастады. Ол канадалық теннисші Лейла Фернандеспен жұп құрып өнер көрсетуде.
Алғашқы айналымда отандасымыз Мию Като (Япония)/Алдила Сутьяди (Индонезия) жұбымен кортқа шыққан болатын. Үш сетке созылған матч 7:6, 3:6, 10:4 есебімен аяқталды.
Осылайша Путинцева мен Фернандестің жұбы 1/8 финалға шықты. Олардың келесі қарсыласы – Джулиана Ольмос (Мексика)/Александра Панова (Ресей) – Кэролайн Доулхайд/Дезире Кравчик (екеуі де АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазы.
Қазақстандық теннисші жекелей сында да сәтті өнер көрсетіп келеді. Ол келесі кездесуінде америкалық Кори Гауфпен кортқа шығады.