Цинциннатидегі сенсация: Юлия Путинцева әлемнің екінші ракеткасын жеңді

Редактор
16.08.2024, 09:22

Оның келесі қарсыласы – испаниялық Паула Бадоса

Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің 34-ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 2-ракеткасы америкалық Кори Гауфтан басым түсіп, сенсация жасады. 

Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен ұтса, екіншісінде Гауфф есе қайтарған, есеп – 6:2. Үшінші, шешуші сетте Путинцева жеңісті жұлып алды – 6:4. Матч 1 сағат 54 минутқа созылды.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің бұрынғы екінші, қазіргі 37-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.

Айта кетейік, дәл осы жарыста өнер көрсеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бірінші кездесуніде канадалық Лейла Фернандестен жеңіліп қалған болатын. Ол Уимблдон турнирінен кейін бронхитпен ауырып, ұзақ уақыт емделгенін айтты.