Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

АҚШ чемпионатында қазақстандық 5 теннисші іріктеу кезеңдерінде сынға түседі

Редактор
19.08.2024, 12:36

Бүгін Нью-Йорк қаоасында АҚШ ашық чемпионатының іріктеу турнирі басталады

ҚТФ

Үлкен теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігіне қатысатын Қазақстан спортшылары анықталды. US open үлкен дулыға турнирінің іріктеу кезеңдерінде еліміздің 5 теннисшісі сынға түседі.

Олардың қатарында әлемнің 121-ракеткасы, 36 жастағы Михаил Кукушкин 142-орында тұрған аргентиналық Марко Трунгеллитиге қарсы ойын өткізеді. Ал әлемдік рейтингте 184-ракетка саналатын Денис Евсеев 215-сатыдағы эквадорлық Альваро Гильен Месамен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 187-орындағы Дмитрий Попко әлемнің 96-ракеткасы, тағы бір аргентиналық Тьяго Агустин Тирантемен өзара мықтыны анықтайды. Бұдан бөлек, Тимофей Скатовтың (№192) қарсыласы аргентиналық Факундо Багнис (№129) болмақ.

Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев (№218) швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (№205) ойын өткізеді. Әйелдер арасында рейтингте 580-орындағы Зарина Дияс қытайлық, әлемнің 209-ракеткасы Есинь Мамен кездеседі деп күтіліп отыр.

 

Жарнама
Жарнама