Юлия Путинцеваның ерсі қылығы жанкүйерлердің ашуын тудырды (ВИДЕО)

Редактор
02.09.2024, 12:41

Ол артынша ақталып, эмоцияға берілгенін айтты

nstagram.com/yulia_putintseva

US Open турнирінің үшінші айналымында жеңіліп қалған қазақстандық Юлия Путинцеваның ерсі қылығы көпшіліктің ашуын туғызды. Ол италиялық Ясмин Паолинимен болған ойында көмекші қыздың берген добын қабыл алмай қойған.

Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап, бүкіл әлемдегі теннис жанкүйерлерінің талқысына түсті. Көпшілік қазақстандық теннисшінің әрекетін қатаң сынаған.

«Путинцева деген кім өзі? Бол-герлға өте ерсі қылығын көрсетті», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Артынша Путинцеваның өзі Instagram-парақшасы арқылы көпшіліктен кешірім сұрап, не үшін мұндай әрекетке барғанын түсіндірді.

«Шынымды айтсам, мәселе ол қызда емес еді. Мен уыстан шығарып алған брекй-пойнт пен жеңіліп қалған гейм үшін қатты ашуландым. Ашуланғаным сонша, айналада не болып жатқанына мән бермедім. Балалардың бәрі өз жұмысын өте жақсы атқарды», - деп жазды Путинцева.

Айта кетейік, US Open турнирінің үшінші айналымында Юлия Путинцева Ясмин Паолиниден екі сетте де жеңіліп, жарысты аяқтады.