Үстел теннисінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Редактор
23.09.2024, 11:00

Азия біріншілігі қазан айының 6-13 күндері өтеді

ҰОК

Бүгін Астанада үстел теннисінен басталатын Азия біріншілігіне қатысатын ұлттық құрама мүшелерінің есімі белгілі болды.

Қазақстан командасының бапкерлер құрамы құрлық біріншілігінде үстел теннисінің 10 шеберіне үміт артып отыр.

Аталған Азия біріншілігі қазан айының 6-13 күндері өтеді. Бұл сында Қазақстан атынан төмендегі ракетка шеберлері қорғайды.

- Кирилл Герасименко;

- Алан Құрманғалиев;

- Искандер Харки;

- Айдос Кенжеғұлов;

- Санжар Жұбанов;

- Сарвиноз Миркадирова;

- Зауреш Ақашева;

- Анастасия Лаврова;

- Анель Бахыт;

- Ангелина Романовская.