Қазақстандық теннисші жарақатына байланысты екі жылдай демалыс алған еді
Жарақатына байланысты ұзақ үзіліс алған Зарина Диас биыл кортқа қайта оралған болатын. Пекинде өтіп жатқан WTA 1000 China Open турниріне қатысып жатқан отандасымыз алғашқы айналымдардың бірінде әлемнің екінші ракеткасына қарсы ойнауы мүмкін.
Жарыстың іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Дияс бірінші айналымда таи қызы Мананчая Савангкаевпен (187) кортқа шығады. Осы қарсыласын жеңсе келесі айналымда Заринаны Беларусь өкілі Арина Соболенко күтіп тұр.
Айта кетейік, Қытай турнирінің жүлде қоры 9 миллион долларға жуықтайды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығының сыр бергеніне байланысты аталған турнирге қатысудан бас тартқан. Дияс болса іріктеу кезеңінің финалында британдық Хитер Уотсоннан 6:0, 6:2 есебімен басым түсті.
Былтыр аталған жарысты әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек жеңіп алған. Алайда, биыл ол да жарақатына байланысты жарысқа қатысқан жоқ.