Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Редактор
12.10.2024, 10:18

Анна Данилина жұптық сында финалдық жолдаманы сарапқа салады

ktf.kz

Қазақстанның әйелдер арасындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Қытайдың Ухань қаласында өткен WTA 1000 сериясындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті.

Жұптық сында WTA рейтингінде 31-орында тұрған Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен дуэтте канадалық-жаңа зеландиялық теннисшілер Габриэла Дабровски мен Эрин Раутлиффке қарсы кортқа шықты.

Ойын 1 сағат 18 минутқа созылды. Екі сеттен тұратын кездесуде Данилина мен Хромачева мықтырақ болды. Кездесудің қорытынды есебі – 6:4, 6:3. 

Финалға жолдама үшін Данилина мен Хромачева бүгін сағат 15:15-те чех дуэті Катержина Синякова мен Екатерина Александроваға қарсы ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Материалда: