Кирилл Герасименко Франциядағы турнирге қатысады

Редактор
17.10.2024, 10:06

Жарыс 22-27 қазан күндері өтеді

ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Монпельедегі WTT Champions  (Франция) турниріне қатысады.

Беделді жарыс 22-27 қазан күндері өтеді.

Қатысушылар қатарында Уго Кальдерано (Бразилия), Лян Цзинкунь (Қытай), Лин Шидун (Қытай), Феликс Лебрун (Франция), Линь Гоаюань (Қытай), Томокази Харимото (Жапония), Лин Юн-Джу (Тайбэй), Данг Цю (Германия), Патрик Франциска (Германия), Трулс Морегард (Швеция) секілді танымал спортшылар бар.