Қазақтың жас теннисшісі Әмір Омарханов Кореяда топ жарды

Редактор
26.10.2024, 18:01

Жұптық сында корт иелері Йенсу Джейонг - Джангжун Кимді айқын басымдылықпен ұтты

KTF

Оңтүстік Кореяның Ванджу қаласында теннистен жасөспірімдер арасында ITF J300 турнирі өтті. Оған қазақстандық спортшылар да қатысты.

Жұптық сында жарыстың бірінші ракеткалары, қазақстандық Әмір Омарханов пен кореялық Хойонг Рох топ жарды. Олар финалда корт иелері Йенсу Джейонг - Джангжун Кимді айқын басымдылықпен ұтты - 6:2, 6:2.

Қыздар арасында Мәлика Әмірғалиева тайбэйлік Ю Чен Лимен бірге жұптық сында финалға дейін жетті. Олар соңғы, тартысты бәсекеде кореялықтар Йесунг Чо - Су Джонгқа есе жіберді - 6:1, 5:7, 8:10.

Жекелей сында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш басында тұрған Заңғар Нұрланұлы жартылай финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, кореялық Хойонг Рохқа жол берді - 4:6, 1:6.