Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

Редактор
13.12.2024, 15:08

Құламбаева сенімді түрде 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті

ҰОК

Жібек Құламбаева теннистен Солапур қаласында (Үндістан) өтіп жатқан турнирдің ширек финалында жеңіске жетті.

Жартылай финалға шығу үшін ол латвиялық Диана Марцинкевичпен кездесті. Құламбаева сенімді түрде 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

1/2 финалда қазақстандық теннисші Буньвяви Тамчайватқа қарсы ойнайды.