Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Рыбакинаның жаңа бапкері шәкіртінің кемшіліктері туралы айтты

Редактор
27.12.2024, 11:19

Қазақстандық теннисші Дубайда жаттығу өткізген

championat.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жаңа бапкері Горан Иванишевич шәкіртімен қай бағытта жұмыс істейтінін айтты.

Австралияда United Cup турнирі – Рыбакина мен Иванишевичтің алғашқы ресми аламаны. Ол жақта Елена Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп жүр.

«Бұл біздің WTA-турдағы алғашқы матчымыз. Дубайда біраз жұмыс істеп, соққыларды жетілдірдік. Торға жиірек жақындауды үйретуге тырысамын. Себебі соққылары жойқын, тиісінше ұпайды өз еншісіне жазып, кездесуді әдеттегіден ерте аяқтай алады. Бірақ бұл ұзақ процесс. Агрессия қосу керектігін ең алдымен өзі түсінуі керек», — деді Иванишевич Tennis Channel-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, хорватиялық Горан Иванишевич 2024 жылдың наурызына дейін Новак Джоковичпен жұмыс істеген.

Жарнама
Жарнама