Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Туған күніме келмейсің»: Юлия Путинцева құрбысы Арина Соболенкоға ренжіген

Редактор
03.01.2025, 12:15

Қазақстандық теннисші қаңтарда 30 жасқа толады

instagram.com/yulia_putintseva/

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (№29) Брисбендегі WTA 500 турнирінде беларусь Арина Соболенкодан жеңіліп қалғаннан кейін, оған ренжіп қалған. Бұл туралы соболенконың өзі «Чемпионат» тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Путинцева мен Соболенко кортта қарсылас болғанымен өмірде жақын құрбылар.

«Құрбыңа қарсы ойнау өте қиын. Бірақ, біз екеуміз де кортқа жеңеміз деп шығамыз. Өмірде дос болғанымызбен, кортта қарсыласпыз. Ол мені келесі жұмада болатын туған күніне шақырған. Ал, матчтан кейін: «туған күніме келмейсің» деп айтып кетті. Мен оған: «міндетті түрде келемін және маған ренжімеуің үшін жақсы сыйлық әкелемін» деп жауап қайтардым», - дейді Соболенко.

Айта кетейік, Арина Соболенко – әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған теннисші. Ол Путинцевамен Брисбендегі турнирдің 1/8 финалында кездесіп, 7:6(2), 6:4 жеңді.

Қазақстанның екінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцеваның туған күні 7 қаңтарда. Ол биыл 30 жасқа толады. Теннисші қыз Ресей тумасы, 2012 жылы Қазақстан азаматтығын алып, біздің елдің атынан жарыстарға қатысып жүр.

Жарнама
Жарнама