Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Александр Шевченко Australian Open турнирінің алғашқы айналымында жеңілді

Редактор
13.01.2025, 16:08

Ол «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионына есе жіберді

Quinn Rooney/Getty Images

Әлемнің 77-ракеткасы, қазақстандық Александр Шевченко Australian Open турнирінің бірінші кезеңінде сүрінді. Ол әлемнің 3-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы испаниялық Карлос Алькараспен кездескен болатын.

Отандық теннис шебері испан ойыншысымен 2023 жылы Мадрид мастерс турнирінде шеберлік байқасып, сол жолы Алькарас 2:0 (6:2, 6:1) есебімен жеңген болатын.

Биылғы сында Шевченко барын салғанымен, Алькарас 3:0 (6:1, 7:5, 6:1) есебімен келесі айналымға шықты.

Александр Шевченко былтырғы жылы да Australian Open турнирінің алғашқы айналымында есе жіберген еді.

Жарнама
Жарнама

Материалда: