Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Рыбакинаны рейтингте төмен сырғытқан қытайлық теннисші Australian Open турнирінде жеңіліп қалды

Редактор
15.01.2025, 10:15

Қазақстанның бірінші ракеткасы үшін Аустралиядағы жарыстың жеребесі сәтті түскен

WTA

WTA рейтингінде бесінші сатыда тұрған қытайлық теннисші Чжэн Циньвэнь Australian Open турнирінде жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.

Екінші айналымда 22 жастағы Чжэн Циньвэнь Германия өкілі Лаура Зигемундпен (#97-орын) кортқа шыққан болатын. Қытайлық теннисші бұл кездесуде айқын фаворит еді. Дегенмен, ол екі сетте де осалдық танытып, жеңісті неміс теннисшісі жұлып алды, есеп – 6:7 (3:7), 3:6.

Бұл матч 2 сағат 16 минутқа созылды. Осы уақытта Зигемунд 1 эйс, 3 дабл-фол және 3 брейк жасаған. Чжэн Циньвэнь болса 11 эйс, 2 дабл-фол және 2 брейкті еншісіне жазды.

Зигемунд келесі айналымда ресейлік екі теннисші – Анастасия Павлюченкова мен Анастасия Потапова арасындағы кездесудің жеңімпазымен кортқа шығады.

Ал, Елена Рыбакина болса бірінші айналымды сәтті бастап, екінші айналымда америкалық Ива Йовичпен кездеседі.

Жарнама
Жарнама