Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Australian Open турнирінде сынға түсетін қазақстандық жасөспірімдердің қарсыластары белгілі болды

Редактор
17.01.2025, 11:26

Турнир 18-25 қаңтар күндері аралығында өтеді

Қазақстан теннис федерациясы

Жасөспірімдер арасындағы Аустралияның ашық чемпионатының жеребесі тартылды. Бұл сында өнер көрсететін қазақстандық жас спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталып отыр.

Жасөспірім теннисшілердің әлемдік рейтингінде 4-орында тұрған Әмір Омарханов алғашқы айналымда америкалық Матисс Фарзаммен (ITF рейтингінде 45-орын) кездесу өткізбек. Отандасымыз өткен жылы құрғақ құрлықтың басты турнирінде жекелей сында ширек финалға дейін жеткен еді.

Ал ITF рейтингінде 39-орынға жайғасқан Заңғар Нұрланұлы турнирдегі алғашқы дебютін өткізеді. Оның бірінші қарсыласы аустралиялық Николас Бейкер (306 ITF) болғалы отыр.

Айта кететін жайт, жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирі 18-25 қаңтар күндері аралығында өтеді.

Жарнама
Жарнама