Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің 1/8 финалына шықты

Редактор
18.01.2025, 10:59

Оның келесі қарсыласы әлемнің ең үздік теннисшілерінің бірі болады

WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (№7) Australian Open турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетіп, жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.

Үшінші айналымда Рыбакина украиналық Даяна Ястремсякаямен (№33) кортқа шыққан болатын. Отандасымыз 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Матч тура бір жарым сағатқа созылды.

Айта кету керек, бірінші сеттің алғашқы бөлігінде Рыбакина медициналық тайм-аут алды. Бірақ, бірнеше минуттан кейін аяққа тұрып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. 

Келесі айналымда қазақстандық теннисші Мэдисон Киз (№14) – Даниэль Коллинз (№11) жұбының жеңімпазымен кортқа шығады.

Алғашқы екі айналымда Елена Рыбакина аустралиялық Эмерсон Джонс пен америкалық Ива Йовичті қиындықсыз жеңген болатын.

Жарнама
Жарнама