Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Australian Open: Елена Рыбакина америкалық теннисшіден жеңіліп, жарысты аяқтады

Редактор
20.01.2025, 10:31

Қазақстанның теннисшілері түгел жеңілді

Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (№7) Australian Open турнирінің ширек финалына шыға алмады. Америкалық теннисші Мэдисон Кизбен (№14) 1/8 финалда кездескен отандасымыз 3:6, 6:1, 3:6 есебімен жеңілді.

Алғашқы сетті сылбыр бастаған қазақстандық теннишсі екінші сетте қарсыласын ойсырата жеңген. Дегенмен, шешуші кезеңде Мэдисон Киз екі рет брейк жасап, жеңісті жұлып алды.

Матч 1 сағат 50 минутқа созылған. Екі теннисші де төрт-төрттен эйс және алты-алтыдан дабл-фол жасаған. Бұл екеуінің арасындағы бесінші кездесу. Оның үшеуінде Киз жеңсе, екеуі Рыбакинаның еншісінде.

Осылайша, Қазақстан теннисшілері түгел Australian Open турнирін аяқтады. Ерлер арасында Александр Бублик пен Александр Шевченко жарысты бірінші айналымнан аяқтаса, Юлия Путинцева үшінші айналымнан ары аса алмады.

Жарнама
Жарнама