Теннисші Жібек Құламбаева Үндістандағы халықаралық турнирді жеңіспен бастады

Редактор
27.12.2023, 15:10

Бұл жылдың соңғы жарысы

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннисшісі Жібек Құламбаева Мумбайда басталған ITF турнирін сәтті бастады. Үндістанда өтіп жатқан турнирде отандасымыз корт иесі Вайшанави Адкарға қарсы өткізген болатын.

Дүниежүзілік рейтингте 469-орында тұрған Жібек Құламбаева 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы әлемнің 923-ші ракеткасы саналады.

Кездесудің алғашқы сетінде Вайшанави Адкар 6:4 есебімен алға шыққан. Алайда, екінші сетте отандасымыз 7:5 есебімен жеңіп, үшінші сетті 6:3 нәтижесімен аяқтады.