Юлия Путинцева Абу-Дабидегі турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды

Редактор
05.02.2025, 15:10

Ол қаңтар айында өткен Australian Open турнирінде де жеңіліп қалған болатын

WTA

Теннистен Абу-Дабиде басталған WTA 500 турнирінде қазақстандық Юлия Путинцева (#21) бірінші айналымнан ары аса алған жоқ.

Отандасымыз чехиялық Маркета Вондроушовамен (#37) өзара мықтыны анықтаған. Алайда, қазақстандық теннисшінің тәжірибелі қарсыласына қауқары жеткен жоқ. Бірінші сет өрескел қателіктерге толы болып, 6:2 есебімен аяқталса, екінші сетте чех теннисшісі 6:3 есебімен тағы басым түсті. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.

Осылайша Маркета Вондроушова ширек финалға жолама алды. Жартылай финалға шығу үшін ол енді швейцариялық Белинда Бенчичпен (#157) кортқа шығады.

Айта кету керек, Маркета Вондроушова 2023 жылы «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирін жеңіп алған.