Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына өтті

Редактор
10.03.2025, 03:50

Келесі айналымда ол ресейлік Мирра Андреевамен тағы кездесуі мүмкін

AP Photo / Jean-Francois Badias

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан дәстүрлі Индиан-Уэллс Мастерс турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.

Отандасымыз турнирді екінші айналымнан бастап, нидерландтық Сюзен Ламенсті сенімді жеңген болатын. Бүгін Рыбакина британиялық Кэти Бултермен кортқа шықты. Алғашқы сет 6:0 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілсе, екінші сетте де Рыбакина 7:5 есебімен басым түсіп, келесі айналымның жолдамасын иеленді.

1/8 финалда Елена Рыбакина Клара Таусон – Мирра Андреева жұбының жеңімпазымен кездеседі. Есте болса, осыдан бір айдай уақыт бұрын дубайдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалында отандасымыз ресейлік Мирра Андреевадан ойсырай жеңілген болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстан теннисшісі әйелдер арасында әлемдік рейтингте 7-ші сатыға жайғасқан. Оның еншісінде 4328 ұпай бар.

Жарнама
Жарнама