Александр Бублик челленджер турнирінің финалына шықты

16.03.2025, 11:59

Ол осы жетістігі үшін 22 650 доллар пайда тапты

Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Финиксте (АҚШ) өтіп жатқан челленджер турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда ол португалиялық Нуно Боржешті (ATP №36) екі сетте жеңді – 6:3, 6:4.

Матч 1сағат 5 минутқа созылды. Александр Бублик матч барысында 16 эйс жасады және 6 брейк-пойнттың жартысын өз пайдасына шешті.

Енді финалда отандасымыз әлемнің 80-ракеткасы, 18 жастағы Бразилия теннисшісі Жоао Фонсекамен кездеседі.

Айта кету керек, бублик финалға шыққаны үшін 22 650 доллар пайда тапты және рейтингтік 90 ұпайға ие болды. Турнирдің ақтық ойыны 17 наурызға жоспарланған.