Енді америкалық Томми Полмен өзара мықтыны анықтайды
Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан беделді рейтингтік турнирдің екінші айналымына жолдама алды.
Бірінші айналымда Бублик аргентиналық Себастьян Баэспен кортқа шығып, сенімді ойын көрсетті. Матч барысында отандық корт шебері 8 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланып, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жеткен.
Енді келесі айналымда Александр Бублик әлемдік рейтингте 13-ші орында тұрған америкалық Томми Полмен кортқа шығып, өзара мықтыны анықтайды.
Бұған дейін қазақстандық теннисші АҚШ турнирінде Бразилия өкілі Жуан Фонсекаден 2:0 есебімен жеңілген еді. Қазіргі уақытта Александр Бублик әлемдік рейтингте 80-ші сатыға тұрақтаған.