Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина рейтингте тағы құлдырады

Редактор
24.03.2025, 09:52

Былтыр рейтингте төртінші тұрған қазақстандық бүгінде оныншы орынға жайғасқан

Robert Prange/Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Елена Рыбакина WTA рейтингінде тағы да төмендеді. Майамиде өткен WTA 1000 турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалған отандасымыз тізімнің оныншы сатысына бір-ақ түсті. Бұған дейін ол сегізінші тұрған.

Алдымен Рыбакинаның алдына қытайлық Циньвэнь Чжен шыққан еді. Ал күні кеше Майами турнирінде испан қызы Паула Бадоса норвегиялық Клара Таусонды жеңіп, тоғызыншы орынға көтерілді.

Десе де, қазақстандық теннисшіні үздік ондықтан жақын арада ешкім ығыстырып шығара алмайды.

Айта кетейік, жыл басталғалы бері Елена Рыбакина бірде-бір турнирдің финалына жете алмай келеді. Тіпті, былтыр да ол денсаулығына байланысты жарытып өнер көрсете алған жоқ.

Жарнама
Жарнама