Жарыстың жүлде қоры 2,5 млн еуроны құрайды
Қазақстан азаматтығын алған ресейлік легионер теннисші Александр Шевченко Мюнхенде өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңінен өте алмай қалды. Ол хорватиялық Борне Гойо есімді теннисшіден жеңілген.
Айта кететін жайт, Шевченко әлемдік рейтингте 106-орында тұрса, оның қарсыласы 410-сатыдағы теннисші еді. Яғни, отандасымыз 304 позицияға жоғары болған және осы кездесуде басты фаворит саналған. Соған қарамастан ол 6:4, 6:4 есебімен екі сетте де жеңіліп қалды. Маты 1 сағат 27 минутқа созылды.
Осылайша Гойо турнирдің негізгі кезеңіне өтті. Ал, Шевченко болса әдеттегідей жарысты ерте аяқтап отыр. Айта кету керек, Мюнхендегі турнирдің жүлде қоры 2,5 млн еуроны құрайды.