Қазақстандық теннисші Анна Данилина Окленд турнирінде чемпион болды

Редактор
07.01.2024, 16:15

Бұл отандасымыздың жұптық сында жеңіп алған бесінші WTA титулы

olympic.kz

Теннистен жұптық сайыста Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Анна Данилина Аустралияның Окленд қаласында өткен WTA турнирінде чемпион атанды.

Словакиялық Виктория Грунчаковамен жұптасқан отандасымыз финалда америкалық Бетани Маттек-Сандс пен чех Мария Боузкова жұбымен кортқа шыққан. Данилинаның жұбы 6:3, 6:7, 10:8 есебімен жеңіске жетті.

Бұл қазақстандық теннисшінің жұптық сында жеңіп алған бесінші WTA титулы.

Еске салайық, бүгін Аустралияның Брисбен қаласында өзге қазақстандық теннисші қыз Елена Рыбакина да WTA турнирінің чемпионы атанған.